USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Түсінбе мені...

Түсінбе мені... түсінбе...
Түсіне алсаң, сезімім бар ішімде.
Жазып салдым, шыдамадым бәрінде,
Түсін мейлі, түсінбе...

Оратылды, тілсіз сезім тісіміде,
Құштарлық бар саған деген ісімде.
Сездің бәлкім, оқығанда хатымды,
Үнсіз қалдың, түсінгендей пішінде.

Тағатсыздық тартып жатыр ұйыққа,
Тірелдім бе, кептелдім бе тұйыққа.
О Махаббат, қандай күйге түсірдің,
Қара маған, қар мына сиыққа.

Үнсіз кеттің , жауап мүлде жазбадың,
Әсерсіз бе, әлде хатта жазғаным.
Жетпеді ме ,құлағыңа құстардан,
Жолдаған ән, менің мұңшыл саздарым.

Қоңыр күзден тердім сары уайымды,
Паналадым жалғыз тұрған қайыңды.
Жалғызсың сен, менде қайың жалғызбын,
Кім ұғады сенен басқа жайымды.

Сыр шертісіп жылы жайсаң күніммен,
Мұң төгістім қара түнек түніммен.
Салқын желмен жауап жолдап соңына,
-Деп жазыпсың аға көрем сені мен.

Қалмады амал үмітімді үзбеуге,
Келмеді тіл екеумізді біз деуге.
Күзде жарған махаббаттың бүршігі,
Үзілді де, құшты жаным, күз кеуде.

Нұрбек Бекұлы

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 11:18
СҮЙДІҢ  МЕНІ...
07 Желтоқсан 2016, 10:13
Ұмытпа мені
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады