BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

"Түркістандық Бақдәулет Арыстанға"


Жүзден жүйрік шабатын жарысқанда,
Сай келетін жігіттік нар ұстамға.
Туған күнгі тілегім арналады
Түркістандық Бақдәулет Арыстанға!

Хан көрген соң халықты тілегімен,
Сый-қошемет төгіліп тұр елінен.
Жүректесің дейтұғын өлеңімен
Орын алған оқырман жүрегінен.

Қаймықпайтын өмірдің ызғарына,
Жырларында астарлы жүз мағына.
Сүйген жарын аялап алақанда
Қамқор әке атанған қыздарына.

Дарабоздың айналған дарасына,
Шүкір еткен алдында бар асына.
Маржан сөзді моншақтай жіпке тізіп
Жылдам ақын атанған алашына.

Зор денсаулық тіледім шын жүректен
Қарапайым қазақтың баласына.
Тек жақсылық сыйласын асқар таудай
Әкесі мен аяулы анасына.

Жақсыларға сый өлең ақтарамын,
Биік етсін Жаратқан бақ талабын.
Түркістанның сенімін ақтап жүрген
Бақдәулет ағамызбен мақтанамын!

Жәнібек Салқынбек

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Маусым 2018, 12:59
"Жүрегіңмен мойында"
14 Маусым 2018, 00:45
"Құлшылық қыл"
Пікірлер