BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

TURAN. Қазақстанда Жеңіл судың қайнар көзі бар

Астанада емдік қасиетке ие ЖЕҢІЛ судың феномені бойынша әлемдегі ең алғашқы «Жеңіл су – өмір сапасы мен оның ұзақтығының негізі. Теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ЖЕҢІЛ су – құрамында дейтерий мөлшері төмен су. Яғни ондағы дейтерий (ауыр сутегі) мұхит деңгейінен едәуір төмен (155 ppm).

Конференцияға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Венгрияның сумен жабдықтау саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының, университеттерінің және өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекші ғалымдары қатысты. Олар денсаулық үшін ЖЕҢІЛ суды зерттеу және пайдалану жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қоса конференцияға ЖЕҢІЛ табиғи минералды ауыз суын (TURAN маркасы) өндірісте құятын әлемдегі жалғыз қазақстандық зауыт «Көкшетау минералды сулары» (Қазақстан) қатысты. Ол зауыттың су кен орны әлемге әйгілі ЖЕҢІЛ сулардың кен орындарының бестігіне кіреді:

Антарктида мұздықтары – 98 ppm

Бурабай шипажайының аймағы (TURAN) – 133 ppm

Байкөл өзені – 137 ppm

Колорадо штаты– 137 ppm

Грузия таулары – 139 ppm.

Ғылыми зерттеулердің ақпараттары бойынша ЖЕҢІЛ су имунномодельдеуші, қабынуға қарсы, жасартушы қасиеттерге ие. Толыққанды клиникалық зерттеулер таңда тек Венгрияның онкология клиникаларында ғана жүргізілді. Зерттеу нәтижесі науқастардың айығып, жағдайларының жақсарғандығын көрсеткен.

Қазіргі таңда ЖЕҢІЛ суды негізінен жасанды жолмен алады. Оны буландыру әдісін қолданып немесе ауыр (дейтерийлі) суды шығаратын өндірістік «ағынды» суды дейтерийден босату арқылы алады. Өндірісте ауыр суды ядролық өнеркәсіпте нейтрондарды баяулату үшін пайдаланады.

БҰҰ-ның 2030 тұрақты даму бағдарламасына Жер шарының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімі кіреді. ДДСҰ ақпараттары бойынша, халықтың ауруының 60% себебі олар тұтынатын тамақ пен судың сапасына тікелей байланысты. Осыған орай қазіргі таңда ауыз судың құрамына байланысты биологиялық әсерлерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Санитарлық-гигиеналық қадағалау департаментінің басшысы Марал РАХИМЖАНОВА:

«Бөтелкедегі суды өндіруді қамтамасыз етудегі немқұрайлылық әлі де өндірушілерге өндірілген судың нақты құрамын және көзін көрсетпеуге мүмкіндік береді. Ол халықтың денсаулығына әсер етіп, көптеген созылмалы, жазылуы қиын аурулар пайда болады. Сондықтан Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрылды. ЖЕҢІЛ судың рөлі денсаулық сақтауда өте маңызды болғандықтан, біз халықты толығымен ақпараттандыруымыз керек. Халық судың қандай түрлері болатындығын, оны қалай, қандай мөлшерде ішуге болатындығын білуі керек».

Жер шарындағы судың 99,9% құрамында дейтерий (сутегінің ауыр изотопы) бар. Дейтерийі көп мөлшерде болатын суды ғалымдар «ауыр» немесе «өлі» су деп атайды. Себебі ол жасушадағы химиялық реакцияларды төмендетеді немесе толығымен жояды.

Ғалымдардың айтуынша, ЖЕҢІЛ судың организмнің бейімделу мүмкіндіктеріне, иммундық жүйесіне, гормондық теңгеріміне, өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді.

Еуропада қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеуде ЖЕҢІЛ суды пайдаланудың айтарлықтай оң тәжірибесі пайда болды.

Венгриялық зерттеуші Габор ШОМЛАЙ:

«Біз ЖЕҢІЛ су бойынша 30 жыл бойы зерттеулер жүргізіп келеміз және біздің нәтижелеріміз жасушалық функцияларды, жасушалық метаболизмді, ДНҚ мен ақуыздың тұтастығын қалыпқа келтіру үшін маңызды екенін дәлелдеді. ЖЕҢІЛ су қазіргі заманғы онкотерапияның тиімділігін арттыра алады. Осы ғылыми жұмысқа әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің және институттарының ғалымдары біріккендігін көру мен үшін қуаныш. ЖЕҢІЛ суын қолдану арқылы өнімдер мен емдеу әдістеріне үлкен сұраныс бар, өйткені әлемде, тіпті ең дамыған елдерде де ісік аурулары және метаболикалық аурулармен ауыратын науқастардың саны артып келеді».

Кубань мемлекеттік университетінің радиофизика және нанотехнология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Степан ДЖИМАК:

«ЖЕҢІЛ судың физиологиялық жағдайдағы зертханалық егеуқұйрықтардың әртүрлі ұрпақтарының денесіне әсерін зерттеу кезінде 70 ррм құрайтын детерийі бар суды тұтыну барысында 20-22 айлық егеуқұйрықтарда жасара түскені анықталған. Олардың ағзасының барлық параметрлері жас жануарларға ұқсас болып қалғандығы көрсетілді».

ЖЕҢІЛ судың ісік ауруларын емдеуге екі есе әсері бар

Адам морфологиясының ғылыми-зерттеу институтында эндокриндік даму зертханасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Наталья ЯГЛОВА:

«ЖЕҢІЛ су ісік ауруларын емдеу кезінде екі есе әсер көрсетеді: ісіктердің дамуын және ісіктердің өсуін және метастазияның дамуын ескере отырып, өмір сүру ұзақтығы мен метастазияға жағымды әсер етпейді және жануарлардың өмір сүру деңгейін жоғарылату нәтижелерін айқын көрсетеді. Сонымен қатар ісіктің дамуына дейінгі уақытта жеңіл суды тұтынған жөн».

ЖЕҢІЛ су мен ғарышкерлер

Ресей ғылым академиясының биомедициналық проблемалар институтының гравитациялық биология зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Денис РАКОВ:

«Біз өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ЖЕҢІЛ суды орбиталық станцияларда алу мүмкіндігін қарастырып келеміз. ЖЕҢІЛ су сыртқы әсерге тез әсер етеді және соның арқасында біздің органдарымыз аз зардап шегеді. Күн сәулесінің әсер етуі кезінде күн радиациясының әсеріне ұшыраған ЖЕҢІЛ суын ұзақ уақыт бойы пайдалану радиациялық зақымданулардың ауырлық дәрежесін төмендетуге және иммундық жүйенің, сүйек миының жасушаларының және перифериялық қанның органдарының қалпына келтіру процестерін жылдамдатуда көрінетін жылдам қалпына келтіру үдерісін төмендетеді».

МАҢЫЗДЫ.

Ғалымдардың айтуы бойынша ЖЕҢІЛ су механизмінің әсері әлі түсініксіз. Егер құрамындағы дейтерий аз (90 ppm-нан төмен) болса, биологиялық эффект қарама-қайшы болады.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-тің биофизика кфедрасының профессоры, физакалық-математикалық ғылымының докторы ЛОБЫШЕВ Валентин:

«Су негізінде бірегей зат. Себебі ол үш агрегаттық күйде бола алады: қар күйінде, су күйінде «жеңіл», ал мұз күйінде судан «ауыр» болады. Дәл осы құбылыс дейтерийі еріген мұздың қыртысындағы биологиялық белсенділіктің қарқынды өсуіне әсер береді. Сондықтан, ЖЕҢІЛ су әсерін айрықша көре алатын факторы су құрамындағы изотоптың орташа табиғилық құрамынан шағын аутқулар кезіндегі биологиялық процестерінің күшейту феномены болып табылады. Сонымен қатар, зерттелген феноменге сай түсінік кіші шоғырлану аймағында әлі жоқ».

Қазақстанда ЖЕҢІЛ судың қайнар көзі бар

Осы күнге дейін әлем бойынша тек төрт ЖЕҢІЛ судың қайнар көздері белгілі болған. Қазақстандағы ЖЕҢІЛ судың қайнар көзінің барын, тек осы коференцияда біраз ғалымдар білді.

Қазақстанда ЖЕҢІЛ жер асты ауыз суының табиғи қайнар көзі бар. Ол TURAN суы, оның құрамында құнды макро және микроэлементтер бар.

Asia Waters компаниясының құрамындағы «Көкшетау минералды суларының» ғылым саласының директоры, гидрогеолог, минералдық ресурстар Академиясының мүшесі, валеология академиясының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Евгений Пятов:

«Қазақстандағы TURAN саудалық атауы бар су еліміздің өте сирек, әрі құрамындағы аз мөлшерде дейтерийлі ЖЕҢІЛ су. Дейтерий бойынша TURAN Байкөл суларына ұқсас, бірақ Байкөл суларының физиологиялық критерийлері бойынша минералдық толыққандылығы аз. Физиологиялық толлықанды су – ол адам организмінің функционалдық жүйесін тұрақтандыратын ауыз су. Дені сау болу үшін адамдар нақты химиялық құрамы бар суды ішу қажет. Бұл дегеніміз – үйлесімді тұзды құрам, минерализация мен қаттылық, белсенді биологиялық элементтердің болуы. Ол – үйлесімді концентрацияда кем әрі көп емес мөлшерде су құрамында кальций, магний, йод, фтор, гидракарбонаттың болуы».

ЖЕҢІЛ сулар бар жерде адамдар тарихи ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары мықты болып келеді. Қазақстанда әлі ондай өлшем жүргізілген жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық ЖЕҢІЛ суды зерттеп, оның онко-аурулардың емдеу үшін және терапиясына әсерін байқау қажет.

Конференцияның екінші күні «Көкшетау минералды суларының» зауыты мен Бурабай демалыс аймағына экскурсиямен жалғасты. Шетелдік және қазақстандық ғалымдар қазақстандық Жеңіл судың дайындалуы әдісімен танысып, зауытты аралады. Сондай-ақ қонақтар Бурабай жерінің күзгі сұлу табиғатына куә болды.

Фото Гүлжан РАМАНКУЛОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2016, 09:37
Өткен тарихқа құрмет
06 Маусым 2016, 15:36
Достық көшесі жабылады
Пікірлер