BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

ТУҒАН ЖЕРІНЕ БҮЙРЕГІ БҰРЫП ТҰРАТЫН КӘСІПКЕР


Облыс əкімі Б.Сапарбаевтың "Бақытты бала" акциясы əлі жалғасып жатыр. Əр кім шамасы келгенше түрлі шаралар ұйымдастырып жүр. Бұл жобаға "ЕКІ ЕЗУ" сатира театры да өз үлесін қосты. Жақында Ырғыз ауданы "Құрылыс" (Калинин) ауылының түлегі, кәсіпкер Динара Атабайқызы Бисенова өз туған жеріне театр ұжымын ертіп апарды. Ауылдағы бүлдіршіндерге рухани тарту жасады. Балалар "Тапқыр Тышқан" ертегісін (авторы Н.Жұбатқан) тегін тамашалады. Бастауыш сыныптың оқушылары мен бөбектер танымдық ертегіні жақсы қабылдады. Мектептің ұстаздары мен ата-аналар алыстан арнайы келген өнер ұжымына алғыстарын жаудырды. Динара мамандығы мұғалім болса да жеке кəсіптің көзін тауып, өз еңбегімен балабақша ашты. Ақтөбедегі барлық мәдени шараларға бесене араласады. Өнерге көзқарасы ерекше. Білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастырып, балалардың санасына сіңіріп жүр. Оның ұстанымы "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген мақал. Туған жеріне оң көзімен қарайтын осындай жандарға алғысымыз шексіз...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер