BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ТОЙЫМЫЗ ТОЙҒА ҰЛАСЫП ТҰР 


Қазақ елі Елордамыз Астана қаласының қазығын қағып жатқанда,,Ақтөбеде "Екі Езу" сатира театрының кірпіші қаланып жатыпты. Ұлы Даланың Астанасымен жандай құрдас болғанымызға қатты қуанамыз. Оның үстіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылғанына да биыл бақандай 20 жыл толып отыр.
21 қарашада, Өнер Орталығы концерт сарайында, сағат 19-00 де "Екі Езу" театрының 20 жылдығына орай "Нұрлыбек Жұбатқанның ән мен әзілі" атты шығармашылық концерт өтеді. Тойға арнайы келе жатқан қонақтарымыз көп. Осы кеште бұйырса, әзірге құпия бір сатиралық жынды кітаптың тұсауы кесілейін деп тұр. Мерекелік концертімізге Ақтөбенің мәдениет басқармасы мен Ғ.Жұбанов атындағы филармония ұжымы себепші болса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментті тілекші болып отыр.
Ал, құрметті көрермендер тойда кездесейік,,,


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер