BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 354.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

СУ ЖАҒАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ


"ЕКІ ЕЗУ" сатира ұжымы театр маусымын жапты. Əртістер жазғы демалысқа кетпес бұрын табиғат аясында бас қосты. Мұндай жер шығармашылыққа түрткі болады. Шабытыңды шымшып оятады. Шоқ самаурынның шəйін үрлеп ішіп отырып біраз шаруаны шешіп тастайсың ғой. Театрдың қыз - жігіттері жұмысқа кірісіп кетті. Ерлан əншіміз ошаққа қазан орнатты. Таңшолпан мен Гүлзат дастархан əзірлеп жатыр. Бекбол балық аулаудың шебері. Қармағын суға лақтырса балық түседі. Құралбек тезек теріп жүр. Жандос ет турап отыр. Фамилиясы Еспанбетов. Бұл жігіт осы театрда он жыл қызмет атқарды. Қазір Т.Ахтанов театрының шаруашылық пен шығармашылық жұмыстарын асықша иіріп отыр.Арай деген əріптесіміз ас пісіріп жатыр. Берік шоқ самаурынға шəй қайнатуды өз мойнына алды. Өйткені ол шəйқұмар. Əйтеуір, ешкім қарап жатқан жоқ. Қазихан шыбындарды қуып жүр. Бұл талантты жігіт Тахауи Ахтанов театрынан қонаққа келді. Ертеректе "ЕКІ ЕЗУ"- театрының сүйікті əртісі болды. Қазір сатираға қайтып оралатын болып шешіпті. Бұл шешімін біз хош көрдік. Қызыл етті көрген даланың қара шыбындары үймелеп кетті. "Қара шыбын қазақтікі, тиіспе"-деп Берік қалжыңдап қояды. Бір кезде Бəкеңнің қалта телефоны шыр ете қалды. Беріктің Алматыда киноға басты рольге түсіп келгенін естіген Бақыт іздеп жатыр екен. "Тамашаның тараны" болған Бақыт Айтова емес, "Үш Таған" журналының бас редакторы Бақыт Жаншаева екен. Ол кəсіпқой журналист. "Біреуді атып кетті. Зорлап кетті" дегеннен гөрі, рухани құндылықтарымыз бен өнердегі жетістіктер туралы көп жазады. Берікті сол үшін іздепті. Диктафонын алып қала сыртында табиғат аясында серуендеп жүрген кейіпкеріне əдейілеп көлікпен келді. Судың жағасында отырып театр əртісі Берік Нұрмағамбетовтен сұхбат алды. Қара қазандағы ет піскен кезде филармония басшысы Елубай Кенжалиев те жетті. Ол көрегендік танытып, қарамағына былтыр қосылған "ЕКІ ЕЗУ" сатира театрының əртістерін арнайы құттықтауға келді. Дала дастарханы ерекше əрі кең ғой...Демалыс керемет өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер