BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Шекара наряды «Ауқаттыда» әйелді босандырып алды

Фото: ©

Шекараның әскери қызметкерлері күні-түні, аптап ыстыққа әлде аязға қарамастан Мемлекеттік шекараны күзете жүріп, түрлі оқыс жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Бірақ мынадай жағдай бірінші рет орын алды.

Оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданында болды. 2018 жылғы 2 желтоқсанда сағат 19.30-дар шамасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөліміне қарасты «Ауқатты» өткізу пунктінде Қырғызстан аумағынан келе жатқан Фарида есімді отандасымызды аяқ астынан толғақ қысты.

Шекара наряды асып-саспай, ауыл ауруханасынан медицина қызметкерлері келіп жеткенше жүкті анаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, туытты қабылдап та үлгерді. Сөйтіп, «Ауқатты» өткізу пунктінің әскери қызметшілері дүниеге жаңадан келген торсық шеке ұлдың өкіл әкелеріне айналды. Келіп жеткен жедел жәрдеммен бірге жас ананы Сортөбе ауылының ауруханасына наряд басшысы, шекарашы-офицер өзі алып барды. Ананың да, нәрестенің де денсаулықтары жақсы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер