BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

ШАЛҚАРДАН ТАҒЫ БІР СЫҚАҚШЫ ШЫҚТЫ

ТҰСАУКЕСЕР


Ақтөбеде Қазақстанға танымал əртіс, Шалқар өңірінің тумасы Бауыржан Орданың тұңғыш "Қалжыңдаймын" кітабының тұсаукесері өтті. Бауыржан бала күнінен əзіл-қалжыңға əуес болды. Оны көзіміз көрді. Он үш жасар бала сол кезде көзге түсіп, Ақтөбеде өнер көрсетіп жүрді. Алғашқы еңбек жолын "Екі Езу" сатира театрында бастады. Кейін "Алақай" қуыршақ театры мен Т.Ахтанов драма театрында актер болды. Бауыржан өнерін əрі қарай шыңдау үшін Алматы қаласына кетті. Бүгінгі кеш соның дәлелі еді. Бір өзі екі сағаттық концерт беріп елдің езуін жиғызбады. Əріптесі Саттар Ерубаев пен жұбайы Алтын Айниязова да бірге өнер көрсетті. Кітаптың тұсауын кесу маған бұйырды. Шалқардан тағы бір жазғыштың шыққанына балаша қуандым. Əзілдері жаман емес. Жазған интермедиялары өмірдің шындығын шырылдатып айтып тұр. Əсіресе, жемқор басшының жеген сайын қызметінің өсуі тіпті халықты күлдіре отырып ойландырып тастады. Бауыржанның біз білмейтін өнері көп екен. Жұбайы Алтын екеуі гитарада əзіл əндер айтып қатырды. "Туған елге тағзым" акциясы аясында өткен бұл шығармашылық кешті театр директоры Нұрхан Қадырбаев өзі ашып берді. Б.Орданың концерті ертең туған жері Шалқар қаласында жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер