USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Сенсіз қиын екен

Сенсіз қиын екен

Қиын екен алданыш еріп жалданған,

Қиын екен сағыныш теліп алданған,

Қиын екен қайта келіп жалғаған,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Қиын екен асау көңіл қылықтан,

Қиын екен тағдырмен тоғысқан,

Қиын екен қайта келіп жолыққан,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Қиын екен баяғыдай күле алмаған,

Қиын екен қол ұстасып жүре алмаған,

Қиын екен сезім жеңін түре алмаған,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Қиын екен селт еткен сенім жоғалған,

Қиын екен сызат түсіп қолға алған,

Қиын екен қайта келіп қозғаған,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Қиын екен өтсе де өкініш алған,

Қиын екен кетсе де өшіріп алған,

Қиын екен қайта келіп кешірім алған,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Қиын екен жүрек жырын жазбаған,

Қиын екен сезім сырын ашпаған,

Қиын екен жаңа өмір бастаған,

Не айтайын, не жазайын мен саған?

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 15:45
Қыс кезіндегі жалынды танго
08 Желтоқсан 2016, 14:41
Есіңде ме?..
07 Желтоқсан 2016, 10:13
Ұмытпа мені
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады