USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Сені ғана көремін

Сені көремін... сені ғана сүйіктім,
Жанарыма байлап алып елесіңді.
Сені көремін... сені ғана сүйіктім,
Ажарыма салып алып бейнеңді.

Сені күтемін... сені ғана көріктім,
Құрғатып ап сағым алған ізіңді.
Сені күтемін... сені ғана көріктім,
Жұбатып ап жалғыз қалған төзімді.

Сені ойлаймын... сені ғана сүйіктім,
Қараңғыда сəуле сепкен жүзіңді.
Сені ойлаймын... сені ғана сүйіктім,
Қоштасқанға... жазғырып тек өзімді.

Сені сағынамын... сені ғана көріктім,
Көктөбенің көгінде үзілген кезіңді.
Сені сағынамын... сені ғана көріктім,
Көктемнің төрінде көп күлген көзіңді.

Сені армандаймын... сені ғана сүйіктім,
Махаббатта күйіп өтетін сезімді.
Сені армандаймын... сені ғана сүйіктім,
Жоғалтсам да сүйіп жүретін сенімді.

Сені іздеймін... сені ғана көріктім,
Адастырған жолыңда үміт жағып.
Сені іздеймін... сені ғана көріктім,
Алыстатқан қолыңда ұмыт қалып.

Сені сүйемін... сені ғана сүйіктім,
Есіміңнен жүрегіме тұмар тағып.
Сені сүйемін... сені ғана сүйіктім,
Елесіңнен мұң көңілге қуат салып.

Махаббат мұңы... кешірмейді белгілі,
Тағдыр заңы... өшірмейді өкінішті.
Сағым үні... сездірмейді күйдіреді,
Қоштасу күні... кездестірмей өлтіреді.
* * *

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 23:08
Бақыт деген
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
03 Желтоқсан 2016, 22:09
Уақытыңды бағала
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады