USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Сен жайлы

Сені көріп мұз жүрегім еріген,
Жақсы көріп қалғаным ба сені мен.
Күн сайын ақтаратын боп барамын,
Суретіңді әлеуметтік желіден.

Жауабысың жүректегі сұрақтың,
Ұнатпаймын десем-дағы ұнаттым.
Соншалықты мен өзіңе жақынмын,
Қаншалықты кеткен сайын жырақ тым.

Өтіп жатыр сағынышпен күндерім,
Қамауында сезім атты түрменің.
Кей кездері болмасам да қасыңда,
Мәңгілікке жүрегіммен біргемін.

Ажарланып, құлпырасың, гүлдейсің,
Мендік жайды біле алмайсың, білмейсің.
Жалғызсырау саған енді жат нәрсе,
Мені әр кез қасымда деп жүргейсің.

Көкірегімді кернеді ме жыр - арман,
Ақыныңмын өзіңе өлең шығарған.
Ән де арнап қалармын - ау қарағым,
Есіміңе алты әріптен құралған.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 12:00
Сен кетіп барасың...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады