BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Сабыр мен ақыл жүгініп саған жүз барам...

Сабыр мен ақыл жүгініп саған жүз барам...

Керуендей көшіп барады өмір жылыстап,

Жылдарға қарап аламын терең тыныстап.

Жастық шақ қайда мөлдірі қайда сезімнің,

Гүлдерден шашу шашатын едік уыстап.

Мұнартып тұр ма күрең күз келіп сананы,

Сары жапырақтардан лағылдай тамшы тамады.

Таңғы шықтарға тосқанда алақанымды,

Салқыны күздің жауратып жанды барады.

Жер-ана жатыр сары шәлісін жамылып,

Ағаш, талдар да сап-сары моншақ тағынып.

Жүріп келемін жапырақ жауған әлемде,

Табиғат-Тәңір әміршісіне бағынып.

Жапырақтай жүрек қорғансыз кейде сыздаған,

Сонда да өмір жасаймын саған жүз қадам.

Майдан ғой өмір, алаңы оның арпалыс ,

Сабыр мен ақыл жүгініп саған жүз барам.

Сонда да саған ғашықпын өмір қарызбын,

Құпиясы мол өзіңмен жүрген әр іздің.

Бүгін де міне мөлдіреп тұр ғой табиғат,

Тұнық кешіндей самалы жұпар тамыздың.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 02:49
МЕН ӨМІРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІМ?
Пікірлер