BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Пәтер иелеріне арналған бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады

Пәтер иелері, жергілікті атқарушы органдар, басқару органдары, сервистік компаниялар арасында қарым-қатынасты реттеу мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шарушалығының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы заң жобасының таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Заң жобасында ТҮКШ ақпараттық жүйесін құру көзделіп отыр. Бұл меншік иелері тарапынан тұрғын үйлерін бақылауға және олардың басқарушы компаниялармен, сервистік ұйымдармен және әкімдермен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Жүйеге Қазақстанның әр өңірінде 122 тұрғын үй, 28 ПИК пен 51 табиғи монополиялар субъектісі қатысуға ниет етіп отыр. Қараша-желтоқсанда ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасын халыққа ұсынатын боламыз», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қосымша арқылы әрбір тұрғын өз баспанасын басқарып, ұсыныс тастап, шотындағы барлық шығынды бақылап, ПИК-тің тұрғындардан жиналған қаржыны қайда жұмсайтынын көріп, соған сай пікір білдіре алады.

«Әрбір тұрғын, әрбір үй жылу көзінен қанша бөледі, тасымалдағанда оның қаншасы келіп жетеді, қанша үйге жіберіледі, қанша адам төлейтінін білуі тиіс. Бұл жүйе осындай ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер