USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Өзім жайлы..

Өзгені емес, өзімді өзім алдадым,
Жақсылыққа, жорып жанды арбадым.
Өз өзімді , басқа қалай жұбатам,
Өзегімде шертілмеген барда мұң.

Жолдарым бар жазалмаған тармағын,
Жемсіз жемтік аулайтын бар қармағым,
Содан болар құрығыма түспейді,
Мен аңсаған , мен қалаған арманым.

Естеймісің жүрегімнің дүрсілін,
Шырқап жатыр бір өзгеше тылсым үн.
Ақ пейілмен сыр төкпеген адамға,
Жүрегімнен шертілмейді бір сырым.

Білмеймінде бұл өмірдің қыр сырын,
Ту сыртымнан иіріп жүр ұршығын.
Сүйем сені қасарысқан тылсымым,
Өмір менің ерке мінез қырсығым.

Жасап жүрмін күнде күйбең тіршілік,
Қиялыма қанат байлап құлшынып.
Сүрінгенде сырлы соқпақ жолымнан,
Бір дем алып, алам қатты күрсініп.

Солқылдаған жүрегім бар кеудемде,
Шамаң келсе сезімменен келде емде.
Төрім дайын сыйластығын бергенге,
Өміріме махаббатпен келгенге.

Шетсіз, шексіз таусылмайды қиялым,
Бал мұңымды қалай, кімге, қиямын.
Түйір мұңмен бар әлемге сыймаймын,
Түйе мұңмен бір өлеңге сиямын.

Нұрбек Бекұлы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады