USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Ойымдасың сағынышым...

Ойымдасың сағынышым

Көктем көңіл қу жанына жиып мұң,

Қалай ғана сағынышына сиып жүр.

Көрген түстей жай отындай көзіңе,

Бір көрініп келіп кету сыйым бұл.

Қуансам да, сағыныш атты жиын тұр,

Бəрін тастап кетіп қалу қиын тұр.

Төзімнің өртеніп жатқан өзегіне,

Сабыр алмай сандырақтап миым тұр.

Жанып еді жанында кезінде нұр,

Ақылыма қонар емес сезімде мұң.

Есі кетіп елесіңе еріп кеткен,

Бұлыңғыр бұл халімді сезіне жүр.

Айыптама... айлар өтті күндері құр,

Қараңғылық жамылған түндері тұр.

Келер деумен үмітпенен өтпей жатқан,

Уақыт шіркін... өкпелетсе сағымды ұр.

Ойыңменен ойнама ойран салар,

Ойран салар ойларыңа қайран қалам....

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 10:13
Ұмытпа мені
04 Желтоқсан 2016, 23:56
Келмейді кір сақтағым
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады