USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Неліктен өкпеледің?

Сезім толы жүректі сөккен едім,
Ақтарылып ақ бұлттай төккен едім.
Нәзік жауған сезімге шомылдың да,
Бұлданып ап, неліктен өкпеледің.?

Сені өзіме қиялмай көп көремін,
Мен аңсаған жайдарлы көктем едің.
Сүрлеп айтқан сөздерім тербедіме,
Үнсіз кетіп, неліктен өкпеледің.

Мың құбылған аспандай төкпелі едің,
Қанша құбыл мен саған от беремін,
Ыстығымды шарпыған сезе тұра,
Түсінбедім, неліктен өкпеледің.?

Нұрбек Бекұлы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады