BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ: ҰЯЛЫП ОТЫРМЫН...

Бүгінгі жастар мүшеқаппен ойнамайды.


Баяғыда кішкентай кезімде көршінің менімен қатарлас баласы ұзы-ын сопақ шарды үрлеп алып, сонынмен ойнап жүргенін көргенде, таң қалған едім. Кеңестік дәуірді айтамын да. Содан оның не нәрсе екенін кейін білгенімде, көпке дейін ұялып жүрдім. Сөйтсем, құрдасым әкесінің мүше қабын ұрлап алып, үрлеп, шар етіп ойнап жүрген екен де?
Бүгінгі жастар мүшеқаппен ойнамайды. Бүгінгі мектеп оқушылары "басқаша" ойнайды... Мектеп оқушылары жыл сайын жүкті болып жатыр. Енді "мектеп оқушыларына тегін мүшеқап тарату туралы заң қабылдау керек" деп шенділер шулап жатыр... Тағы да ұялып отырмын...Кім біледі, келешекте "Мүшеқапты дұрыс пайдалану, әрі оқушы қыздарға түсік тастату жолдары" атты арнайы пән де оқытыла қалса, менен бетер ұялып жүрмеңіз...Сатирик болған соң мүшеқап туралы сатира жазуға да ұялып отырмын!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер