BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. ЖАЗУШЫЛАР ДА "ЖЫНДЫ" ЕКЕН!

Сонымен, жазушылардың Алматыда өткен құрылтайына барып қайттық. Сатираға қызықты кейіпкерлерді алып қайттық.


Сонымен, жазушылардың Алматыда өткен құрылтайына барып қайттық. Сатираға қызықты кейіпкерлерді алып қайттық. "Жазушылар да жынды екен ғой?"деген көңіл–күйді пәпкімізге салып қайттық. Мұхтар Шаханов пен Нұрлан Оразалин тура менің кішкентай балаларым сияқты екен. бірін бірі мазақтап, тілдерін шығарып, "Қоразсың, шакалсың" десті.
Қабдеш Жұмаділов деген көкеміз қаламгер әріптесіне қарата сөз сөйлеп: " Совет заманында "халтурщик" еді, мына заманда о тоба, сөз серкесі бола шығыпты!" деп таң қалған болды. Қайдан келгенін бір Құдай біледі, бір маскүнем сахнаға шығып кетіп:" Жазушы ж-жолдастар, бір ән шырқап берейінші?" деп қоймады. Оны сахнадай сүйреп шығарды. Бірақ бір өкініштісі, төбелес болмады. Негізі төбелесу керек еді. Жекпе- жек! Сонда біздер, делегаттар кіммен төбелесерімізді білмей абыдырып тұрар ма едік... Шіркін– ай, төбелес болып кетсе ғой? Аузым аңқиып отырған менің аузыма бір сәбіз кіріп кетсе. Күртілдетіп жей берсем, Төрде отырған Мархабат ағамның маңдайына кәртөшке сарт ете қалса... Кендебай ағамның бетіне помидор былш ете қалса. Зылиха қарындасымның иығына салат төгіліп кетсе... Нармахан ағамыз біреуді бір ұрып құлатып алып, артынан қуалап кешірім сұрап жүрсе. Момбек жоқ! Сөйтсек, бір жазушыны ұрып құлатып, үстіне үймелегендердің арасында қалып кетсе, оны сирағынан тартып, әрең шығарсақ... Әмзені бір жазушылар ұрып жатса, оны ажыратып жүрсек, Бір драматург Ханбибі апамыздың желкесін қасып жатса. Біреуден біреу қорқып, қашып жатса, сөйтіп, делегаттардың миы ашып жатса... Шойбек төбелеске қатыспай, аулақ жерде шәй ішіп отырса, Бақытжан Алдияр "Көкелер не істеп кетті?" деп жылап тұрса... Серік Жәнабіл "Төбелес қашан бітеді?" деп Құдайдан мейірім сұрап тұрса...
Құдай-–ай, мұның бетін ары етсін, мұндай төбелес болған жоқ, болайын, болайын деп, деп қалды. Десек те, жаңа төраға болып белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетттің сайланғанына керемет қуанып қайттым!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер