BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. ТЕЛЕФОН ТЕКСЕРІС-2

–Атын жұмбақтап жазған Гитлерің! Ә, ұсталдың ба? Мына бұйра басың кім?
– Пушкин.
– Енді сығанға көңілің ауды ма?
– Мен оны жақсы көремін...


– Аа-ал, біз де телефон тексерейік!–деді күйеуі маңғазданып.
– Бер деймін телефонымды!–деді әйелі ұмтылып.
–Ойбой, мен тексерсем болмайды ма, не? Тәәк, вацапқа кірейін. Ойбай?
– Немене ойбай?
– Немене пәле, екінші дүние жүзілік соғыс кейіпкерлерінің бәрі сенің достарың ба? Қарашы: Гитлер, Гимлер, Сталин, Берия...
–Олар сен танымайтын туысқандарым!
– Оо, «қайын жұртым» екен ғой? Айт жаныңның барында? «Гитлерің» қашан «шабуылдады», а? Күндіз бе, түнде ме?
–Кім деймін?
–Атын жұмбақтап жазған Гитлерің! Ә, ұсталдың ба? Мына бұйра басың кім?
– Пушкин.
– Енді сығанға көңілің ауды ма?
– Мен оны жақсы көремін...
– Бір ұрайын десем, анау енемнің суретінен ұялып тұрғанымды қарашы? Шын аты Пушкин бе, Пернебек пе?
–Ойбай, өтірік білмей қалмашы! Әшейін ұрысқа сылтау іздеп тұрсың ғой! Ол орыстың ұлы ақыны Пушкин! Өлеңдерін жақсы көремін!
– Мынау кім?
–Абай ғой.
– Мен сенің Абайыңды қайдан танимын–ей? Шымкенттік пе?
– Жоқ, Семейлік.
–Айдаладағы Семейдің шалында нең бар, қатын а? Өзіміздің Шымкенттің миллионер шалы құрып қалғандай? Ұят! Ұят болды! «Мен сені сүйемін, Абай ата!» деп жазып қойғанын қарасаңшы?!
–Өтірік топас бола қалмашы? Ол ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев!
– Тоқта, тоқта, Біләл деген біреу саған қоңырау шалыпты!
– Біләл емес қой, Билайн ғой!
–Басыңды қағып алам, маңдайыңа пісте майды жағып алам!–деп ашуланды күйеуі,– «112» деген жасырын атпен хабарлама жазған кім?
–«Ауа райы» деген жігітім! –деген әйелі қаша жөнелді.
– Тоқта деймін, зың еткізіп, бір «удар» берейін бе осы? Әй, Абайдың ғашығы! Пушкиннің сүйіктісі! Ауа райыңды быт– шыт қыламын қазір!
Әшейін, ұрыс іздеген ол әйелінің соңынан жүгіре жөнелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер