BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. МОМБЕК ЖӘНЕ БІЗ...

Ойпырмай, жазушылар еңбегі еленбейтін болды–ау, кездесулер де өтпей кетті, әкімдік іс–шараларға тізімдегі жазушылар ғана баратын болды, солар ғана тиісті атақтарды алатын болды..."

Момбек деп жатқаным, Момбек Әбдәкімұлы, білімді шежіреші, тарихшы, жазушы. "Және біз" деп жатқаным, біздер, ақын-жазушылар қайраңда қалған балықтай күй кешіп жүргеніміз рас. Қазақстан жазушылар одағының Шымкент филиалының аты бар да, заты жоқ. "Ойпырмай, жазушылар еңбегі еленбейтін болды–ау, кездесулер де өтпей кетті, әкімдік іс–шараларға тізімдегі жазушылар ғана баратын болды, солар ғана тиісті атақтарды алатын болды..." деп пұшайман болып жүргендерді де көрдік. Енді міне,бөркімізді аспанға лақтырып, қуанатын кез келді, Момбек Әбдәкімұлының жанкештілік еңбегі арқасында Шымкент қалалық ақын–жазушыларының "Қаламгер" бірлестігі жасындай жарқ етіп шыға келді!
Бүгін "Нұр Отан" ғимаратында осы бірлестіктің ақын–жазушылармен кезекті отырысы өтті. Келелі мәселелер талқыланды. Қаламгерлер сөз алып, Момектің еңбегін жоғары бағалап жатты, кейбірі жазушылар филиалына қарата көкейдегі қыжылдарын айтты. Жиын соңында жетпісті желкелеген жазушы ағамыз Захардин Қыстаубаев "Қаламгер" бірлестігінің медалімен марапатталды. Айтпақшы, сатирадағы жетістігім әрі алпыс жас мерей тойымды елемегендерді ескерді ғой деймін, мен де кеудеме медаль тағып, отбасыма қуанышпен оралдым!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер