BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. КЕДЕЙЛЕР ҚАЛАШЫҒЫ 

Тіпті, әр жер кепе маңында дайын мола да бар.



Қалада кедейлер қалашығы салынатын болды. Мұндай қалашық әлемде жоқ! Жер кепелердің биікті бір метр. Адамдар еңбектеп жүреді, етпетінен жата кетеді. Бұл қимыл-қозғалыс адамдардың өмірін ұзартады екен. Балшықтан соғылған, әшейін қазыла салынған бассейні қандай керемет! Тап–таза болып секіріп, балшық–балшық болып, лайланып шыға келесің!
Тіпті, әр жер кепе маңында дайын мола да бар. Аштан қатсаң, өле қалсаң, жата кетесің! Бұл қалашық байларға арналмаған. Жер кепелердің үсті қамыспен жабылған, өртенуге ыңғайлы. Мұндай «мини коттедждің» әр шаршы метрін небәрі 100 мың теңгеге сатып аласыз.
Байлар қалашығында байлардың тұра алмайтыны секілді, кедейлер қалашығында байлардың өмір сүрулеріне рұхсат жоқ дейді... Шындығына келсек, байлар бұл жерден нені жейді?


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер