USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Мүгедек өлең

Шабытымды жағып-ап шырақ қылып,
Кететіндей зарынан құлақ тұнып.
Мүгедек бiр сәбидi көрiп бүгін,
Мүгедек өлең жаздым жылап тұрып.

Iшетұғын қолы жоқ асында бiр,
Тамақ беріп анасы қасында тұр.
Мейірімсіз тым қатал тағдыр мырза,
Сүрте алмай тұр сәбидiң жасында бiр.

Жем шоқыған сол маңда, тамақ тілеп,
Көгершін сол балаға таяды кеп,
Арбада отырғанын еске алып,
Байқап ек, қолы және аяғы жоқ.

Сол сәби анасына алаң кейпi,
"Жылама апа" азамат болам дейді.
Жылы суға қолынды малам бiр күн,
Қаламасын қаласын қоғам мейлі.

Болмасамда азамат ел билеген,
Мен де апа ерінбей еңбек етем.
Үмітiндi мен жерге қаратпаймын,
Сенi бақытты етеді ерке көкең .

Деп-жымиды баласы анасына,
Демеу сол сөз жанының жарасына,
Сол сөзбен анасының жасын сүрттi,
Сөздерді сөйлеп кетті тағы асыға.

Шыда, ана ботаңа кара да тұр,
Асырайтын ұлыныз болам ақыр.
Жүрегімде сенім бар болашаққа.
Той көрсетем мен саған ұлан - асыр.

Құшты ана баласын сүйді,өптi,
Жүрегіне бұл сөздер жарық төкті.
Жер-анаға анасы жанарынан,
Қуаныштан ыстық жас тамып кетті.

Авторы: Ахметов Есенбек.

Ұқсас сілтемелер:
23 Қараша 2016, 11:07
2079 ЖЫЛҒЫ ӨЛЕҢ
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады