BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Видеоны сипаттап, 5 000 бірлік ұтып ал

Өткендегі 2 000 бірліктің иесін анықтадым. Ол - Shyngys Sanjaruly.

"Неге ол жеңімпаз?" деген сауалыңыз болса, айтарым: білмеймін. Аударма бағытын іздеудегі кейбір пікірлері үшін шығар. Ал келіп түскен аударма нұсқаларының ешқайсысы түпнұсқаның баламасындай әсер етпеді. Коннотациясы жетпей қалған сияқты. Әрине, бұл таза субъектив, әділеттен жұрдай жеке көзқарас.

Жаңа тапсырма. Шарты. Келесі видеоны сипаттау керек:


Әңгіме түрінде, әлде репортер стиліндегі баян, тіпті өлең кейпінде жазып берсеңіз болады.
Мысалы:
"50-ден асқан деуге болатын кісі бейқам бақша суарып жүр еді...".

Тағы да айтайын - пошым мен мазмұнға еш шектеу жоқ. Ақыр аяғы кішігірім әңгімеге ұласып кетсе де бәрібір. Басты мақсат - осы көріністі мөлдіретіп тұрып көз алдына әкелетін мәтін. Сіздің мәтінді оқыған режиссер дәл осындай фильм шығара алар ма еді деп ойлаңыз.

Бірліктерді қалай беремін:
1. Мәтінді Facebook-тегі мына жерге пікір ретінде жазыңыз.
2. Мәтіннің сапасын таза субъектив түрде тек өзім бағалап, жеңімпазды тек өзім таңдаймын.
3. Бірліктерді ұнаған мәтін пайда бола сала, сол мезетте салып жіберемін. Бірақ 14 күннен артыққа созбай, ақыры ең үздік деген мәтін иесіне тапсырамын. Жеңімпаз табылғанын және сыйлықты алғанын міндетті түрде хабарлаймын. Хабарламасам - мәтін қабылдау әлі жалғасып жатыр деген сөз.
4. Бірліктер тек Қазақстандық ұялы операторлардың абонентіне және жеңімпаз нұсқаған кез келген нөмірге салынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Наурыз 2017, 11:58
Сіз қалай ұйықтайсыз?
Пікірлер