BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай...

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай...

Күздің соңғы күнінің ызғарын-ай,

Алланың сол бұйыртқан тұз дәмін-ай.

Қырыққа да жеткізбей өміріңді,

Тағдырыңды маңдайға сызғанын-ай.

Көңілі көктем, жаны жаз жайдарым-ай,

Құздан құлап табаның тайғанын-ай.

Қапыда айырылып біз боздап қалдық,

Жаманатқа қимайтын айбарым-ай.

Құлының жылап қалды құндақтағы,

Қайғының орнады ғой зіл батпаны.

Ащы өксік кеп көмейге тығылып-ап,

Қиын болды жүректі сыздатқаны.

«Ақ жеңгем» деп жымиған қорғаным-ай,

Жап-жасыл боп қураған орманым-ай.

5 баланың қызығын көре алмай,

Іште кетті-ау шайнаулы бармағың-ай.

Алла жазды сабыр бер, Жаратқаным,

Өлілерге иман бер абат таңым.

Үміт сыйла жандарға жабырқаулы,

Көру үшін ғұмыр бер таң атқанын.

Осы екен ғой Алланың шырағданы,

Мезгіл жетсе солады шынар бағы.

Бәрі ақиқат жазылған Құрандағы,

Еске салар сұм ажал бір Алланы.

Қол жайып дұға қылдық Тәңіріден,

Кім қашар Жаратқанның әмірінен.

Арты жарық болсын деп дұға қылдық,

Шамшырақ жанып тұрсын қабірінен.

Әумин!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер