USD 333.25 EUR 352.95 RUB 5.6
Астана:

Күте беремін тағы да...

Күттім сені... күте берем тағы да,
Қарсы шығып мазалаған сағымға.
Кеші батып таңы атқан жиегінде,
Сенің кеткен жолыңа қараймын да.

Күттім сені... күте берем тағы да,
Қарсы жүзіп асау толқын ағынға.
Көрсін деген, келсін деген көңілге,
Медеу болып жолыңа қараймын да.

Күттім сені... күте берем тағы да,
Бақыт тауып жүздескен бағыңда.
Жанарыңда жылынған жүрегіме,
Демеу болып жолыңа қараймын да.

Күттім сені... күте берем тағы да,
Сипап өткен кешкі елес самалыңда.
Үміт беріп келмес деген күдігіме,
Елеңдеумен жолыңа қараймын да...

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2017, 13:10
Ана керек...
13 Қаңтар 2017, 22:24
Қарақатым
13 Қаңтар 2017, 10:22
Қос жүрек
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады