BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қыз ұзатуға

Қыз ұзатуға

Ұзатылып барады ғұмыр гүлі,

Жаңа өмірдің ашылмақ шымылдығы.

Балапандай баулыған ата-ананың,

Ұядан ұшпақ бүгін қызыл гүлі.

Жүрек тулап, сезімдер сыймайды кеп,

Ақ батадан лағыл нұр сыйлайды көп.

Ботадай жәудіреген балапанын,

Шымырлап қайран жүрек қимайды тек.

Жөргөгінде алтын нұр сан ойнаған,

Нәрестесін бақытқа балайды адам.

Қимастықпен әке, ана қарайды оған,

Жүрегін жұлып беру оңай ма оған?

Тәй-тәйлаған күндері елестейді,

Сәбиіне ешнәрсе теңеспейді.

Лезде көз алдында бойжетіпті,

Уақыт солай ешкіммен кеңеспейді.

Бақыттың баспалдағын атта күнім,

Әдеп пен инабатты сақта гүлім.

Рулы елдің өзіңсің аманаты,

Жаңа отауды бақытқа баста бүгін.

Айналдым, жатқа жазған қарашығым,

Тұла бойға жинаған бар асылын.

Қадамың құтты болсын, көгершінім,

Келіп тұр туыс-бауыр, жанашырың.

Ырыс пенен дәулетке бағың толсын,

Құрмет пенен қошемет тағың болсын.

Қосылып қосағыңмен бақытты бол,

Ақ тілек пен баталар қабыл болсын!

Ізгі тілекпен тәтең Гауһар. Қ.А.

13 қазан, 2018 жыл.

Қызылорда қаласы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
03 Қараша 2018, 21:00
"Бейтаныс қыз"
Пікірлер