USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Қысқаша өзім жайлы

Мың тоғыз жүз тоқсанның алтауында,
Күн аяз, қар қалыңда.
Келіппін дүниеге,
Отызыншы қаңтарында.

Екі мыңның екеуінде,
Анамның жетегінде.
Соғыппын қоңырауды,
Білімнің мекеніне.

Екі мыңның он үшінде,
Әжемнің тірісінде.
Мектепті бітіріппін,
Оралмас күндерімнің бірісің бе?

Анашым жасың төкпе,
Деп еді алыс кетпе.
ҚазЭУ ге түстім бірақ,
Эконом факультетке.

Бұйырса тәмамдаймын,
Білікті мамандаймын.
Ар жағы не боларын,
Білмеймін, алаңдаймын.

Суыққа тоңып жүрмін,
Әлсіздеу болып жүрмін.
Өзімше келер күнді,
Жақсыға жорып жүрмін...
(с) Тойбазар Қорлан

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады