BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

КИНО ƏЛЕМІ БЕРІККЕ КӨЗ ТІКТІ

КИНО


Осыдан он бес жыл бұрын Ақтөбеде "ЕКІ ЕЗУ" сатира театры елден бұрын кино түсіруге ұмтылды. Облыстық "Ақтөбе" телеарнасымен бірігіп "Сандалған сиыр", " Бұйырмаған ет" атты қысқа метражды комедиялық фильмдер түсірді. Сценариін өзім жаздым. Əрине, сапасы төмен болса да, Ақтөбе үшін айтарлықтай жаңалық болды. Бастама уақытында көтерілгенімен қолдайтын жанашыр табылмады. Сүйтіп, "Ақтөбефильм" атауымен құрылған жобамыз тоқтап қалды. Кейін бес-он минуттық телевизиялық əзілдер түсірдік. Қазір олар əлі əлеуметтік желіде таралып жатыр. Жалпы, біздің түйсігімізде киноны тек Алматыда түсіреді деген ұғым бар. Өйткені, қазіргі таңда фильмдерге алматылық əртістер көбірек тартылады. Тіпті, кейбіреулері бір кинодан екіншісіне түсіп жатады. Былтыр біздің театрдың əртісі Бекбол Тəтебаевқа Алматының кинорежиссері құда түсіп еді. Оған жұмыстың кезінде реті келмеді. Енді биыл Берік Нұрмағамбетовке ұсыныс түсті. "Қазақстан" ұлттық арнасының тапсырысымен қазақтың кино əлеміне аты танылған кинорежиссер Данияр Саламаттың төрт сериялы шым-шытырман "Жабайы адам" телехикаясына Берік лайықты деп танылды. Бұйырса, жазғы демалыста Алатаудың баурайында киноға түседі. Бұл тек "ЕКІ ЕЗУ" емес, Ақтөбенің өнеріне үлкен жетістік. Өнерде өзіндік орны бар Берік Нұрмағамбетов пен фильмді түсіру тобына сəттілік тілейміз...
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер