USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН…


Нәп-нәзік гүлге теңейін десем,
Гүлден де нәзік бар тұлғаң.
Алтынға балап көрейін десем,
Артықсың маған алтыннан.

Жап-жарық күн деп айтайын десем,
Пәк жүзің мейірім шашып тұр.
Айға бір теңеп байқайын десем,
Онсыз да нұрың тасып тұр.

Аққуға балап жүрейін десем,
Аққудан да аппақ көңілің бар.
Сұңқардың бағын тілейін десем,
Бақытты балдай өмірің бар.

Далама теңеп жырлайын десем,
Одан да кеңсің, дархансың.
Маржан тастай деп пұлдайын десем,
Маржаннан да асқан жауһарсың.

Мән кетер бәрін қазатын болсам,
Айтылмай өзі қалды не?
Сен жайлы жылдап жазатын болсам,
Бітпейтін ұзақ әңгіме.

Жүрегімді өртеп, арманға бөлеп,
Жеткізе алмай тіл жатсын.
Сен маған жалғыз жалғандағы ерек,
Махаббатыңмен қымбатсың!

Серікзат Дүйсенғазы

Ұқсас сілтемелер:
25 Қараша 2016, 09:32
ӨМІР, МАҒАН ҮЙРЕТТІҢ...
11 Қараша 2016, 10:49
Күйеуім маған сенбейді
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады