USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Кешір, Алла!

О, жаратқан шексіз рахым тұғырлы,
Кешіргейсің ағат басқан құлыңды.
Бес уақыт намазынан шет қалмай
Құлың кешсін құлшылықпен ғұмырды.

Қара баста жоғалыпты жан баптау,
Қарны тойса саналы ойға бармапты-ау
Намазымсыз сылтау іздеп жүргенде,
Бейшара боп сау-тетігім қалмапты-ау.

Бір Алладан медет етіп сұраған,
Бес уақытын бүтіндеген бір ағам
Бір бауырым жүр мешітке дегенде,
Қалып қаппын қасиетті "ЖҰМАДАН".

Сәресіге тұратұғұн таң азан,
Бекітетін аузын берік сол ағам.
Жан-тәніме дауа болар жыл сайын
Ұсталмапты сауабы мол "ОРАЗАМ".

Беріп жүріп дүниенің қарызын,
Айтпасын деп кей адамдар арызын
Тегін берген бір Алланы еске алмай,
Намазымсыз өтелмепті-ау, парызым.

Сұрап жүріп, халін жұрттың әр дайым
Кетуші еді бұрын мендік бәр уайым,
Намазханды ойлап жүрген сол кезде
Өзімнің көп мүшкіл екен жағдайым.

Намазсыздың көп сөзіне наныппын,
Бұрыс айтса дұрыс қылып таныппын
Көңіл - ақ қой, деген сөзге мән беріп,
Иманымды алыстатып алыппын.

Кешір, Алла, кешіргейсің құлыңды
Кеш болсада жас жүрегім ұғынды.
Енді өзіңнен дұға тілер күн сайын,
Жасамайды қателікті бұрынғы!

Авторы: Медет Асқар

Ұқсас сілтемелер:
02 Желтоқсан 2016, 10:26
Кешір Анашым.
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады