ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ НЕГЕ ЖАЛҚАУ? - |11 Маусым 2018, 14:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ НЕГЕ ЖАЛҚАУ?

БАЛА ТӘРБИЕСІ


Бұрын бүгінгідей базар болған жоқ. Қазір үйде не ойласаң соны сатып аласың ғой. Ештеңеге бас қатырмайсың. Қытай деген халық бəрін жасап береді. Қытай туралы қанша айтқанмен енді оның шығарып жатқан тұрмыстық заттары мен тағамдарынан қашып құтыла алмайсың. Олар сенің төріңді, асханаңды əлдеқашан жаулап алды. Иə, мейлі менің айтарым мынау, бала күнімізде бізге ойыншықтар да тапшы болды. Бірақ, ырбаңдап əке-шешемізді мазалаған жоқпыз. Қорадағы ағаштың қалдығынан автомат жасап аламыз. Фанерадан арамен қиып пистолет жасаймыз. Балшықтан домалақтап рогатканың оған дайындаймыз. Қағаздан самолет ұшырып, картоннан қайық оямыз. Тіпті, батпырауқты да қолдан жасап, көкке қалықтатып жіберетін едік. Сағыз шайнағымыз келсе, құмға барып құмсағыз теріп, оны жуып тазалап, топырағымен қышырлатып əбден жұмсарғанша шайнаймыз. Ұртымыз талып қалатын еді. Одан ауыз қуысының бұлшық еттері шынығады екен. Ал, қыста қамырға шəйдің ұнтағын қосып сағыз жасап аламыз. Əйтеуір, резеңке емес. Жаңа жыл мерекесінде кластың ішін өзіміз түрлі-түсті қағаздардан ойыншықтар қиып безендіре қоямыз. Ағаштан шана құрастырғандарды да көрдім. Сол заманның балалары өте еңбекқор болды. Өзіне қажет кез-келген затты жасай салады. Бұл ойын баласының нағыз ой еңбегі ғой. Бүгінгі күннің балалары сынған ойыншығын жөндеп алуға ерінеді. Ешқандай бас қатырмайды. Қыйт етсе əке-шешесін жетектеп базарға сүйрейді. Жалпы, еліңе ерінбей, адал еңбек ету бала күніңнен қалыптасу керек секілді ме деймін...
(Суреттің материалға түк қатысы жоқ )

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер