USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қазақстан мен Мажарстан арасында тікелей әуе тасымалы ашылуы мүмкін

Фото: ҚР ИДМ баспасөз қызметі

Будапеште Қазақстан мен Мажарстан арасында тікелей әуе байланысына қол жеткізуге бағытталған келіссөздер жүрді. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Б.Камалиев пен Мажарстанның авиация басшылығының арасында қол жеткізілген меморандум осыған бағытталған деп хабарлайды Baq.kz.

Будапешт қаласында Қазақстан мен Мажарстанның авиациялық билігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Вице-министрі Берік Камалиев бастап барған қазақстандық делегация Мажарстан Ұлттық даму министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ласло Ташомен және «Wizz Air» мажар әуекомпаниясының президенті Йожеф Варадимен болған келіссөздерде екі ел арасында тікелей әуе байланысын ашу, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құқықтық базаны жаңғырту мәселелерін талқыланды.

Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес, Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе байланысын екі елдің белгіленген тасымалдаушылары арқылы орындауға мүмкіндік бар.

Келіссөздерді өткізу және аталған меморандумға қол қою Мемлекет басшысының Астананы қаржы орталығына айналдыру, оның ішінде «ЭКСПО 2017» қарсаңында елорданы қолжетімді көлікпен қамтамасыз етуге қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады