USD 328.49 EUR 352.77 RUB 5.55
Астана:

Ызғар

Ызғар

Сенерім де, сенбесім де, белгісіз...

Келем үнсіз,

Қоштасып ап... өзіңсіз.

Көрерім де, көнбесім де белгісіз...

Кеттің үнсіз,

Қолды бұлғап... көңілсіз.

Қаларым да, қаламасым да белгісіз...

Қалдым жалғыз,

Жолын таңдап... қараусыз.

Қаңтарыңда, қаңтарылдым ба белгісіз...

Жаным ызалы,

Қыста қалып ызғары.

Жазғырдың ба, жазалымын ба белгісіз...

Қарың омбы,

Жаным тоңды ызғарлы.

Жаралы ма, жаралымын ба белгісіз...

Жүрген шыдап,

Көңілді алдап жүр қыс əлі.

Салғаны ма, сары сағымы ма белгісіз...

Жүрек қарып,

Бейнесімен сары аяз қысады.

Махаббат па, жоқ мазақ па белгісіз...

Ызғары көп, жылуы жоқ төзгісіз.

Не болған махаббатқа біздегі,

Жаз еді ғой жаны жайдар, көл теңіз?

Ұқсас сілтемелер:
24 Қаңтар 2017, 10:59
Лифт
22 Қаңтар 2017, 11:50
Ана жаны елестейді
19 Қаңтар 2017, 13:03
Бала тілегі
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіз модерациядан кейін жарияланады