USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ерініңнің бал дәмі.. 

Бізді өмір алдады,
Жалғыз қап,жүрген жақсы.
Ерініңнің бал дәмі,
Балмұздақтан да тәтті.

Жұлдыздардай жылтырақ,
Аппақ болған тістерің.
Жанарыңда мың шырақ,
Саф алтындай күлгенің.

Шөліркеген кезіңде,
Түссең сол бір бұлаққа.
Аттанғандай өзің де,
Боласың тап жұмаққа.

Теңізі жоқ аралдай,
Шөлден бүгін өлгендей.
Құшсаң шөлің баса алмай,
Сахарадан келгендей.

Ханшайымым болған қыз,
Ойға алмай қалғанын.
Татсам бүгін армансыз,
Ерініңнің бал дәмін!

Авторы:Ахметов Есенбек

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады