BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

"ЕКІ ЕЗУ" ТЕАТРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫММЕН ТОЛЫҚТЫ


Театрдың үш мерекесі бар. Халықаралық театр күні. Театрдың ашылу жəне жабылу маусымы. Бүгін жазғы демалыс қарсаңында "ЕКІ ЕЗУ" сатира театры өзінің 19-шы театр маусымын балаларға арналған "БАҚЫТ ДЕГЕН" ертегісімен жапты. Қоюшы-режиссері Бекбол Тəтебаев. Көмекшісі - театр əртісі Құралбек Құрманғалиев. Ертегі "Қошқар мен Теке" атты мультфильмнің желісі бойынша сахнаға арналып жазылды. Қорадан бақыт іздеп шыққан Теке шым-шытырман қиындыққа жолығады. Аузы арандай қасқыр мен қу түлкінің шырмауына түсіп қалады. Бұл шығарма Астана қаласы мен театрдың 20 жылдығы жəне өңір басшысы Б.Сапарбаевтың " Бақытты бала" атты бастамасына орай əзірленді. Əрі бүгін қойылымның тұсаукесері еді. Ертегі қаламыздағы "Мирас" бала - бақшасында өтті. Балалар ертегіні табиғат аясында тамашалады. Құрметті театр əртістері! Жазғы демалыста жақсы тынығып келіңіздер! Жаңа маусымға жаңалықтарың көп болсын!

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер