BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

"Екеумізде"

Екеумізде бір бағыт
жол да біреу.
Бұрылмайды оңға не
солға біреу.
Түйіспей жүр жолымыз
таң қаламын!
Жалған шығар мүмкіндік
болмады деу.

Екеумізде бір арман
мақсат та бір,
Қосақтасып жетейік
жақсы атқа кіл.
Қайғы келсе сабырмен
сәл жымиып
Сынақтарға сүрініп
жатсақ та күл.

Екеумізде бір жүрек
жалғыз үміт,
Қантамырым тулайды
сан бұзылып.
Ата-анамды сыйласаң
арда тұтып
Шығарамын төріме
хан қызы қып.

Екеумізде бір бәрі
сыңар жанбыз,
Ойымызды айтқызбай
ұға алғанбыз.
Бір нүктеде бірігіп
жолығайық
Тек Жаратқан бақылап
тұрар Жалғыз.

Жәнібек Салқынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қараша 2018, 12:07
"Мен – студентпін"
03 Қараша 2018, 21:00
"Бейтаныс қыз"
Пікірлер