BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

"Дос болсаң егер ақынға"


Дос болсаң егер ақынға,
Алыстап кетпе, жақында.
Өтірік өрге баспайды
Сөйлей біл шындық хақында.

Дос болсаң егер ақынға
Сезімін түсін мақұл ма?
Өлеңін оқы өлмейтін
Басқаға басты қатырма.

Дос болсаң егер ақынға
Ақын ғой сенің атың да.
Сөндіре көрме шабытын
Алаула, мәңгі лапылда.

Дос болсаң егер ақынға
Ақыл қос, досым, ақылға.
Жадырап жүрші әрқашан
Көңілін мұңға батырма.

Дос болсаң егер ақынға
Ұйқысыз таңды атырма.
Беті қайтпайтын батыр бол
Батырлық керек ақынға.

Жәнібек Салқынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Желтоқсан 2018, 17:36
"Шүкірлік етем бәріне"
06 Желтоқсан 2018, 19:20
"Бір қыз бар"
Пікірлер