BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

Чарли

Бүгін, яғни 16 сәуір күні әлемге әйгілі актер, режиссер, дыбыссыз кино әлемінде дене-қимыл, ым-ишаратымен ерекшеленіп, кедей мен мырза образын қоса білген Чарли Чаплиннің туған күні. Оның өміріне қатысты қызықты мағлұматтарды оқи отырыңыз.

Отбасы және балалық шағы
Чарльз Спенсер Чаплин 1889 жылы 16 сәуір күні Лондонда дүниеге келген. Ата-анасы ағылшын мәдениетінің белді өкілдері болған. Дәлірек, эстрада жанрындағы әртістер болған. Олар ән мен биден шашу шашып, әртүрлі театрларда өнер көрсетіп, антреприза сипатындағы сайыстарға қатысқан. Чарлидің отбасы ешқандай мұқтаждықсыз өмір сүрген. Бірақ бұл отбасы үшін қаражатқа қарағанда, музыка мен сахна құндылығы жоғары тұратын. Ата-анасы Чарли мен бауыры (әкесі басқа, анасы бір) Сиднидің шығармашылыққа деген махаббатын оятқан. Нәтижесінде ағайындылардың екеуі де актер болған.Анасының дауысымен қиындықтар болған кезде Чарли бес жасында анасының орнына сахнаға шыққан. Сахнаға шыққан бірінші күннен бастап, тыңдарманды таңғалдырып, көпшілікті өзіне баурап алған. Көрермендердің көңілінен шыққаны сондай сахнаға монеталар мен банкноттар лақтырған. Бала кезіндегі сүйкімді қылығымен талай көрерменді баурап, сахнаға бірнеше рет шығады. Дегенмен, біраз уақыт өткен соң бұл отбасының тұрмысы түбегейлі өзгереді. Анасы көмейіндегі қиындықтар кесірінен дауысынан мәңгілікке айырылады. Әкесі ішімдікке салынып, 37 жасында Лондондағы емханалардың бірінде қайтыс болады. Анасы Ханна Чаплин есінен танып, психиатриялық ауруханаға түседі. Ал жетім қалған балалар арнайы әлеуметтік жүмыс істейтін үйге түседі, яғни тамақ үшін өздері жұмыс істейді. 1898 жылдың қыс мезгілінен бастап Чарли «The Eight Lancashire Lads» деген топпен бірге өнер көрсете бастайды. Сол кездерде Чарли комедия жанрында қысқа қойылымдар қояды.
Билеп жүріп дәрігердің көмекшісі, газет сатушы, баспа үйінде қызметкер ретінде жұмыс істейді. Бірақ, ешқандай жерде тұрақты жұмысқа қалмайды. 1903 жылы он төрт жасар Чаплин «Шерлок Холмс» қойылымында тұрақты рөл ойнау мүмкіндігіне ие болады. Одан соң біраз уақыт жеңіл жанрдағы эстрада театрында өнер көрсетіп жүреді. 1908 жылы Фреда Карно тобының актері болады. Аталған топпен Ұлыбританияның барлық жерін аралап, АҚШ-на гастролдік сапармен барады. «Keystone» компаниясының продюсерлері Чарлидің өнерін ұнатып, тұрақты жұмыс ұсынады. Актер келіскен кезден оның мүмкіндікке толы жаңа басталады.
Чарлидің танымал болуы. Фильмография
Киноиндустрия мансабындағы алғашқы қадамдар сәтсіз шығады. Уақыт өте келе Чарли Чаплин түскен фильмдер студияға табыс түсіре бастайды. Америкалықтардың арасында айтарлықтай танымал болып үлгереді. Кейін басшылықпен келісе алмай киностудиядан кетуге мәжбүр болады.
Жиырмасыншы ғасырдың оныншы жылдарында Чарли актер, режиссер, сценарий жазушы болып өзі жұмыс істей бастайды. Біраз уақыт әйелқұмар еркектің рөлін ойнайды. Уақыт өте келе ол өз образын тапқандай болады. Ол образы - Чарлиді әлемге әйгілі еткен образ. 1917 жылы кинодағы рөлі үшін 1 млн доллар көлемінде гонорар алады. Осы образымен көптеген киноға түсіп, аңыз адамға айналады. Екі рет Оскар сыйлығын иеленеді.
Өмірінің соңғы жылдары
Актер қанша танымал болса да, сол танымалдылықтың екінші ұшынан опық жейді. Оны коммунистік қылмыскер атап, ол түскен фильмдерді прокаттан алып тастайды. Сын-пікірлерді дұрыс қабылдай білген Чарли «Ұлы диктатор» фильмінде Гитлердің рөлім сомдайды. Германияның Польшаға соғыс ашуынан соң, Чарлиге қысым азайды. Бірақ, фашистік партияның жақтастары оған қоқан лоққы көрсетіп, хаттар жолдайтын.
Өмірінің соңғы он жылдығында киноға мүлде түспеді. Қартайған шағында Швейцарияның Веве қаласында тұрады. 1977 жылы үнсіз ғана өмірден өтеді. Бұл қалада Чарлидің ескерткіші бар.
Чарли Чаплиннің жеке өмірі
Әр жылдары актер әртүрлі әйелдермен қарым-қатынаста болған. Биші Хетти Келли, Милдред Харрис, Лита Грей, Полетт Годдар сияқты актрисалармен байланыста болған. Төрт рет ресми некеде болған. Он екі баласы болған. ОЛардың әрқайсысы киноматография саласында бақ сынап көрген. Жетістікке жеткен тек қызы Джеральдина Чаплин.
Ақмарал Ағзамқызы

Толықметражды фильмдер[өңдеу]
Жыл Атауы Ағылшынша атауы Өзге аттары Қызметі
1914 «Бүлінген Романтика» Tillie's Punctured Romance For the Love of Tillie / Marie's Millions / Tillie's Big Romance / Tillie's Nightmare актер
1917 «Тыныш көше» Easy Street актер
1918 «Иттің өмірі» A Dog's Life актер
1921 «Бала» The Kid продюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1923 «Париждік әйел» A Woman of Paris продюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1925 Алтын қазу The Gold Rush продюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1926 Теңіз әйелі A Woman of the Sea продюсер
1928 Циркте The Circus продюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1928 Жұртқа көрсету Show People
1931 Қала жарығы City Lights City Lights: A Comedy Romance in Pantomime продюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер, композитор
1936 Жаңа уақыт Modern Times The Masses продюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1940 Ұлы Диктатор The Great Dictator The Dictator продюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1947 Месье Верду Monsieur Verdoux A Comedy of Murders / The Ladykiller продюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1947 Өзегі жарқын Limelight продюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1957 Нью-Йорктегі патша A King in New York продюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1967 Гонконгтен келген Графиня A Countess From Hong Kong продюсер, режиссер, сценарист, актер (камео), композитор
Қысқа метражды фильмдер[өңдеу]
«Keystone» студиясының фильмдері[өңдеу]
Жыл Атауы Ағылшынша атауы Басқа аттары
1914 Making a Living A Busted Johnny / Troubles / Doing His Best / Take My Picture
1914 Kid Auto Races at Venice The Children’s Automobile Race / Kid’s Auto Race / The Pest
1914 Mabel’s Strange Predicament Hotel Mixup / Pajamas
1914 Between Showers Charlie and the Umbrella / The Flirts / Between Shaves / In Wrong Thunder and Lightning / A Rainy Day
1914 A Film Johnnie Charlie at the Studio / Charlie the Actor / Film Johnny / Million Dollar Job / Movie Nut
1914 Tango Tangles Charlie’s Recreation / Music Hall
1914 His Favorite Pastime The Bonehead / Charlie Is Thirsty / Charlie’s Reckless Fling / The Reckless Fling
1914 Cruel, Cruel Love Lord Helpus
1914 The Star Boarder The Fatal Lantern / The Hash-House Hero / In Love with His Landlady / The Landlady’s Pet
1914 Mabel at the Wheel His Daredevil Queen / A Hot Finish
1914 Twenty Minutes of Love Cops and Watches / He Loves Her So / Love-Friend
1914 Caught in а Cabaret Charlie the Waiter / Faking with Society / Jazz Waiter / Prime Minister Charlie / The Waiter
1914 Caught in the Rain At It Again / In the Park / Who Got Stung?
1914 Қарбалас күн A Busy Day Busy as Can Be / Lady Charlie / Militant Suffragette
1914 The Fatal Mallet Hit Him Again / The Pile Driver / The Rival Suitors
1914 Her Friend the Bandit Mabel’s Flirtation / A Thief Catcher
1914 Нокаут The Knockout Counted Out / The Pugilist
1914 Mabel’s Busy Day Charlie and the Sausages / Hot Dog Charlie / Hot Dogs / Love and Lunch
1914 Mabel’s Married Life The Squarehead / When You’re Married
1914 Laughing Gas Busy Little Dentist / The Dentist / Down and Out / Laffing Gas / Tuning His Ivories
1914 The Property Man Charlie on the Boards / Getting His Goat / Props / The Rustabout / Vamping Venus
1914 The Face on the Bar Room Floor The Ham Actor / The Ham Artist
1914 Recreation Spring Fever
1914 The Masquerader The Female Impersonator / The Female / The Perfumed Lady / The Picnic / Putting One Over
1914 His New Profession The Good for Nothing / Helping Himself
1914 The Rounders Going Down / The Love Thief / Oh, What а Night / Revelry / Tip, Tap, Toe / Two of а Kind
1914 The New Janitor The Blundering Boob / The New Porter / The Porter
1914 Those Love Pangs Busted Hearts / Oh, You Girls / The Rival Mashers
1914 Dough and Dynamite The Cook / The Doughnut Designer / The New Cook
1914 Gentlemen of Nerve Charlie at the Races / Some Nerve
1914 His Musical Career Charlie as а Piano Mover / Musical Tramps / The Piano Movers
1914 His Trysting Place Family Home / Family House / The Henpecked Spouse / His Trysting Places / The Ladies Man / Very Much Married
1914 Getting Acquainted Exchange Is No Robbery / A Fair Exchange / Hello Everybody
1914 His Prehistoric Past The Caveman / A Dream / The Hula-Hula Dance / King Charlie
«Essenay» студиясының фильмдері[өңдеу]
Жыл Атауы Ағылшынша атауы Басқа аттары
1915 His New Job Charlie’s New Job
1915 A Night Out Champagne Charlie / Charlie’s Drunken Daze / Charlie’s Night Out / His Night Out
1915 Чемпион The Champion Battling Charlie / Champion Charlie / Charlie the Champion
1915 Бақшада In the Park Charlie in the Park / Charlie on the Spree
1915 A Jitney Elopement Charlie’s Elopement / Married in Haste
1915 Қаңғыбас The Tramp Charlie on the Farm / Charlie the Hobo / Charlie the Tramp
1915 By the Sea Charlie by the Sea / Charlie’s Day Out
1915 Жұмыс Work Charlie at Work / Charlie the Decorator / Only а Working Man / The Paperhanger / The Plumber
1915 Әйел A Woman Charlie the Perfect Lady / The Perfect Lady
1915 Банк The Bank Charlie Detective / Charlie at the Bank / Charlie in the Bank
1915 Shanghaied Charlie Shanghaied / Charlie on the Ocean / Charlie the Sailor
1915 A Night in the Show Charlie at the Show / A Night at the Show
1915 Charlie Chaplin’s Burlesque on Carmen Burlesque on Carmen
1916 Сақшы Police Charlie in the Police / Charlie the Burglar / Housebreaker
1916 The Essanay-Chaplin Revue The Chaplin Revue of 1916
1918 Triple Trouble Charlie’s Triple Trouble
«Mutual» студиясының фильмдері[өңдеу]
Жыл Атауы Ағылшынша атауы Басқа аттары
1916 Шарлаушы The Floorwalker Shop / The Store
1916 Өрт сөндіруші The Fireman The Fiery Circle / A Gallant Fireman
1916 Сергелдең The Vagabond Gipsy Life
1916 Бір тәңертең One A.M. Solo
1916 Граф The Count Almost а Gentleman
1916 Ломбард The Pawnshop At the Sign of the Dollar / High and Low Finance
1916 Экран артында Behind the Screen The Pride of Hollywood
1916 Сырғанақ The Rink Rolling Around / Waiter
1917 Тыныш көше Easy Street
1917 Ем The Cure The Water Cure
1917 Иммигрант The Immigrant Broke / Hello U.S.A. / A Modern Columbus / The New World
1917 Тәуекелші The Adventurer
Эпизоттық рөлдері[өңдеу]
Жыл Атауы Ағылшынша атауы Рөл
1915 Қайта туылу His Regeneration
1921 Бұрағыш The Nut
1923 Рухын сату Souls For Sale
1923 Голливуд Hollywood

https://youtu.be/bXxj2HathGM
https://youtu.be/vQs-tMiVQz0 (осы екі видеоны салып қойсаңыз болады)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Пікірлер