USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Бұл күн - төл тарихымызда тұңғыш рет президенттік басқару жүйесі бастау алған күн - Дәурен Абаев

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы күні. Осы айтулы мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Министр құттықтауын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ардақты ағайын!

Бүгін халқымыз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуда.
Бұл күн - төл тарихымызда тұңғыш рет президенттік басқару жүйесі бастау алған күн.

Егемендіктің ең қиын жылдарында президенттік билік қоғамды топтастырудың, саяси тұрақтылық пен қалыпты дамуға жұмылдырудың құралы ретінде қызмет етті.

Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайып, әлемге жаңа Қазақстанды әйгілей отырып, табысты мемлекет құрды. Еліміз бірліктің бесігіне, татулықтың тұрағына айналды.

Мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!" - делінген министрдің құттықтауында.

Еске салар болсақ 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады