USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Бір көріп сені ұнатқан

Саяхат жасап, шектеусіз қиял.
Балауса кезге, кешеден.
Есіме түсіп, нұр жүзің ұяң.
Өткенде, сол бір көшемен.

Бұл көше менің, бақытты шағым.
Арманға сезім ұласқан.
Ауылдың сансыз, атырып таңын.
Бір көріп сені ұнатқан.

Қаз қалпы әне, шарбағың биік.
Жапырағын жайған терегің.
Есімде талай, тұрғаным сүйіп.
Перделеп жасыл желегін.

Масайрап едім, махаббатыңнан.
Бақтардың жұпар гүлінен.
Бір сәтке ұзап, шықпай қасыңнан.
Аймалаушы едім түнімен.

Құштарлық қылмас,ынтазар еткен.
Тал бойыңдағы сәнге кім.
Өзіңе арнап, есімнен кетпен.
Шырқалған сұлу әндерім.

Таппаспын сірә, періште сендей.
Шарласам қанша, жер бетін.
Сезімім өлмес, шырағы сөнбей.
Есімде тұрса, келбетің.

Бұл көше біздің, бақытты көше.
Ғашықтың талай куәсі.
Сүйгендер жазған, жыр дастан көше.
Кеппеген әлі сиясы!.

Есіңе аларсың, мені де жаным.
Ән жырдан кілем төсеген.
Саларсың сенде, сағыныш әнін.
Өткенде, біздің көшемен!

Кенжемұрат Сақтаған

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады