BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

БАТЫРЛАР ӨҢІРІ БАСЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ


Орталық саябақта "Шежірелі Ұлы - Қобда!" атты меркелік шара өтті. Бұл Ақтөбе қаласында өтіп жатқан кезекті аудан күндерінің жалғасы еді. Концерт басталмас бұрын саябақты аралап шықтық. Көзге "Қарбыз фестивалі" ерекше түсті. Жастар жағы қарбыз жеуден жарысты. Бұл бір қызық сайыс болды. Қарбыздан ойып жасалған түрлі бейнелер ерекшеленіп тұрды.Тіпті, қауын-қарбызбен асфальт үстінде дойбы (шашка) ойынын ойнады. Əріптес аудандарынан осындай қайталанбас көріністерімен ерекшеленді. Алдымыздан аудан əкімі Мейрамбек Шармағанбетов шығып жылы амандасты. Өзі басқарып отырған ауданы үшін қатты толғанып тұрғаны көрініп тұр. Елден бұрын келіп жерлестерінің дайындықтарын бір тексеріп өтті. Бұрын облыстық аппаратта қызмет жасаған Баянбек Қырықбаевті көрдім. Тыным таппай жүгіріп жүр. Сүйтсем, ол аудан əкімінің орынбасры болыпты. Бүгінгі шара ең алғашы жұмысының нəтижесі болмақ екен. Қобда" аудандық газеті соңғы номерін бүгінгі аудан күніне арнап шығарыпты. Газет көрермендерге тегін таратылды. Концерттік бағдарлама қазақ елінің батыр тұлғаларының бейнесін сомдаған "Ұлы Қобда - батырлар мекені" атты шағын театрландырылған көрініспен ашылды. Өзбекстан мемлекетінің Қазақстандағы жылын бимен жеткізді. Қобдалық өнерпаздар Республика жəне облыстық деңгейде өтіп жатқан барлық шараларды қамтып өтті. Жеті рет өлшеніп, бір рет қиылған салмақты бағдарлама жұрттың таңдайын қақтырды.
-Апта сайын аудан күндерінен қалмаймыз. Көпшілігі бала базар қылып, даңғыраларын қағып, эстрдалық əндермен басымызды қатырып, миымызды ашытатын еді. Бүгін Алматының сахнасынан əдемі концерт көріп отырғандай əсер алдым - деді бір қария.
Бір күн бұрын Т.Ахтанов театрында өткен "Қаһарман қыз - Əлия" қойылымы өте жоғары деңгейде өтті.
Қолға алса мәдени шаралардың майын тамызатынын қобдалықтар тағы дəлелдеп берді.
Айтпақшы, саябақтағы концертте облыс əкімі Б.Сапарбаев пен қала əкімі І.Испанов қатарласып отырды. Облыстық маслихат хатшысы С.Қалдығұлова ханым келді. Тіпті, бұрын-соңды қараларын көрсетпеген əкімі орынбасарлары мен бөлім басшылары да тізіліп қалыпты. Зиялы қауым қаптап жүр. Абырой болғанда күн ашық, жылы болды. Құдайда кімге қарасатынын біледі...
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мəдениет қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер