USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Барым осы

Менің барым осы, нарым осы,
Бірқалыпты мендегі сарын осы.
Үндемеспін, сабырлы хәлім осы,
Түсінсеңші жаратылған жаным осы.

Сөздігім бірденен ашылмайды,
Мендік жанар ештеңе жасырмайды.
Қарашығын көзімнің бақылап тұр,
Саған деген, сағынышы басылмайды.

Жебелі сөз жанардан жас сықтырады,
Жүгенсіз сөз көп орға жықтырады.
Білесің бе, егерде, біле білсең.?
Үнсіздік көп нәрсені ұқтырады.

Ия айнам, сен маған ұнап қалдың,
Көзін аштың бұрқанған бұлақтардың.
Ежелде жүрегімде бықсып қалған,
Отын жақтың мендегі шырақтардың.

Махаббат мені ешқашан түсінбеді,
Жазалады сүйгенім үшін мені.
Мен сүйем, мен сүйсем үнсіз сүйем,
Өзімді,, сезімімді түсін мені.

Мен осылай, себепсіз үнсіз сүйем,
Қара түнді жамылып күнсіз сүйем.
Сезім тілсіз , құдіретті махаббатта,
Менде солай тілсіз сүйем.

Нұрбек Бекұлы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады