BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

БАҚЫТТЫ ЕШКІМ ЕЛЕМЕЙДІ


Мереке күндері барлық таныстарымды телефон арқылы құттықтайтын əдетім бар. Бүгін əйелдер мейрамында жан-жаққа қоңыраулар шалдым. Айтулы мерекемен ақ тілегімді арнадым. Келесі кезек "Тамашаның тарланы", "Құрмет" Орденінің иегері 40 жыл театр саласында еңбек еткен Бақыт Айтоваға келді.
-Əлəу кім бұл?
Əншейінде жарқылдап сөйлейтін Бақыт апаның дауысы ауыр естілді.
-Саламатсыз ба? Бұл мен ғой Нұрлыбек Жұбатқан.
-Аа, амансың ба?
-Шүкір, сізді мерекеңізбен құттықтайын деп, едім.
-Рахмет- деді де, ол үнсіз қалды.
-Көрінбей кеттіңіз ғой-дедім
-Сендер іздемесеңдер қайдан көрінемін?-деп, əйтеуір əдемі күлкісімен тарқылдап күлді. Оның айтуынша "Екі езу" сатира театры 2015 жылы шығармашылық кешін атап өткеннен кейін зейнеткерлікке кетіпті. Үш жылдан бері үйде отыр екен.
-"Көзден кетсең, көңілден кетесің" деген мақал рас екен. Ақтөбеде болып жатқан мəдени шараларға шақыру алмаймын. Мені ешкім іздемейді-деді, кезінде ҚР Халық əртісі марқұм Құдайберген Сұлтанбаевпен бірге Алматы сахасында жұмыс жасаған Бақыт Айтова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер