BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

АЖАРЫ КЕТПЕГЕН АУДАН

ГОСТРОЛЬ

АЖАРЫ КЕТПЕГЕН АУДАН
Өзім өнер ұжымдарының қаймағы бұзылмаған ауыл көрермендеріне жиі барып тұрғанын қалаймын."Екі езу" сатира театры мұны міндет деп санайды. "Елге атыңды шығарғың келсе, ауылға адал қызмет ет", бұл біздің ұран. Театрдың облыста тұрып Республика жұртшылығына танымал болуы халықтың ыстық ықыласы мен алғысының арқасы екенін "Екі езу"-дің əр бір мүшесі жақсы біледі. Мамыр айының 11-13 күндері Əйтеке би ауданыда гостролдік сапарда болдық. Ауданның тазалығы бірден көзге түседі. Көшеде бос жүрген ешкімді көрмейсің, бəрі бір шаруаның соңында жүр.
Ең бірінші "Тереңсай" ауылдық мәдениет үйіне жолымыз түсті. Облыстан 430 шақырым қашықтықта жатқан ауылға биыл қыста су жаңа мәдениет үйін тұрғызыпты. Молдалар мешіт салынса қуанады. Өнер адамдары мәдениет үйлері бой түзесе қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздайды. Бізден бұрын сол ауылдың тұрғындары қуанады. Жаңа ғимараттың көтемде төбесінен су тамшылап тұрғаны болмаса, жұмыс жасап тұр. Кітапхана қорында 11083 кітаптар бар. Жақында облыс жаңа кітаптар жіберіпті. Шағын ауылда 709 оқырман бар екен.
-Бізге кітапханаға интернет керек. Электронды кітапхана жүйесіне көшкіміз келеді-дейді ауылдық кітапхана меңгерушісі Жанар Əбішова. Мәдениет үйінің директоры жаңа ғимартқа жазда қайта жөндеу жүргізілетінін айтты. "Тереңсай" ауылы театр əртістернің өнерін зор ықыласпен тамашалды.

"ҚҰМҚҰДЫҚ" АУЫЛЫ ҚОНАҚТАРЫН ҚҰРМЕТСІЗ ЖІБЕРМЕЙДІ...
Кеше бата біз мінген автобус "Құмқұдық" мәдениет үйіне тоқтады. Бізді мәдениет үйінің директоры Марат Құлыбаев күтіп алды. Мәдениет үйі 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізіліпті. Ауылдың тұрмысы жаман емес. Мал мен егін шаруашылығы алға қойылған екен. Ет,сүт өнімдерімен қоса бал аралары өсіріледі. Ауылдың наубайханасынан жаңа піскен ыстық нандар мұрныңды жарады. Міне, бұл ауылдың тірішілігі осы. Халқы өнер десе ішкен астарын жерге қояды. Мәдениет үйі көрермендерге лық толды. Концертке ауыл əкімі Марат Көптілеуұлы Əлібаев өзі бастап келді. Ауыл риза болды. Ертеңіне өңір басшысы театр əртістерін ауылдың табиғатын тамашалатып, қалада өскен қыз-жігіттерді атпен серуендеуге мүмкіндік жасады. Театр əртістері көктемгі табиғат аясында көңіл көтеріп, таза ауа жұтты.
Бұдан əрі сапарымыз Əйтеке би аудандық мәдениет үйімен ұштасты. Алыстан келген қонақтарды аудан əкімінің бірінші орынбасары Бакытжан Мулкаев мырза қарсы алды. Аудан халқы да концертке көп жиналды. Жалпы, Əйтеке би ауданынындағы сапарымыз өте сəтті өтті. Аудан əкімшілігі мен мәдениет бөліміне алғысымыз шексіз!
Жазғы гостролдік жорығымыз алда əлі жалғасыды...
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мәдениет қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер