АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫНА КІМДЕР БАҒА БЕРЕДІ? - |12 Тамыз 2018, 16:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫНА КІМДЕР БАҒА БЕРЕДІ?


Көпшілікті көкейін осы сұрақ мазалайтын сияқты. Өйткені, өңір басшысы Б.Сапарбаев жеңімпаз аудандарға салмақты сыйлық əзірлеп отыр. Ол анық. Бірақ кімге бұйырады? Əзірге белгісіз. Аудан күндерінің арқасында тыныш жатқан елді мекендер ұйқыдан керіліп оянды. Дайындықтары бұрыңғыдай емес. Деңгейлері едəуір жақсарыпты. Тіпті, облыстан озып тұрғандары да бар. Таланттардың алтын сияқты топыраққа көміліп жататыны өтірік емес. Бұл өтіп жатқан шара кейбіреулердің бағын ашады. Өнерді бүйірінен түртпесең бүлк етпей жата береді. Сондықтан аудан күндері таланттардың жарқырап көрінуіне бір себебін тигізеді. Ал, төрешілер кімдер? Айтқанынан қайтпайтын, шындық десе шырылдайтын қайсар қыз осында отыр. Ол "Ақтөбе" облыстық телеарна төрағасының орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаева. Əкімшілікте қызмет жасаған білікті тəжірибелі маман. Көзі қырағы. Сахнадағы шыбынды көріп қояды.
Лəйла Омарова туралы не айтсамда жарасады. Лəйла мəдениетті шемішкідей шағады. Облыстық мәдениет басқармасында ұзақ жылдар бойы бас маман болды. Облыс əкімінің тапсырмасымен аудан күндерінің алғашқы сценарийін шимайлаған осы кісі. Қазір дырдай облыстық халық шығармашылық орталығының білдей директоры.
Ақтөбедегі арнаулы кітапхана директоры Гульстан Хамзина ханымға келсек, айтарымыз көп. Гүлекең бұрын облыстық кітапханада ғылыми қызметкер болды. Əдеби кітаптарды жатқа біледі. Өтірік күлмейді. Ақ пен қараны бетіңе былш еткізіп айтатын əділ қазының нағыз өзі ғой. Бір арманы бар. Алдағы аудандар зағиптар мен саңыраулар кітапханасына келіп өнер көрсетсе дейді. Мəдениет басқармасының құлағына алтын сырға дейміз...
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі, дирижері Мəдина Қабижанова сөзіне берік кəсіпқой маман. Оның алдында өтірік өнер көрсету мүмкін емес. Жанды мен жансыз дауысты алыстан айырады. Жатап алған ұраны бар. "Тура би де туыс жоқ". Бітті...
Ал, "Актюбинский вестник" газетінің тілшісі Татьяна Виноградова туралы айтпасада түсінікті сияқты. Таня əріптесіміз екі тілде түсіне береді. Жазғанда түбін түсіреді.
Сосын тағы біреу бар. Ол баяғы сол мен ғой, Нұрлыбек Жұбатқан. Ішім тар емес, кең. Бəрін көре аламын. Бүйрегім бұрылмайды. Пара алмаймын. Əзірге өзгеріп кеткен түгім жоқ. Артқа емес, алға жүремін.
Айтпақшы, "Туған жерім - Нұрлы елім" аудан күндерінің əділ қазылар алқасын Облыс əкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өзі таңдап, көпшілікпен кеңесіп бекітіпті. Сүзгіден өткен төрешілер күннің ыстығы мен қолайсыздығына қарамай міндеттерін толық атқарып жүр. Шындығына келгенде олардың жазғы демалыстары жайына қалыпты. Енді, он екі ауданның төрт ай бойы əділ бағасын беру оңай деймісің?
Қазылардың еңбегі де еш кетпес...

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер