BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

АЛҒАЛЫҚТАР АТЫНА САЙ АЛҒА ШЫҚТЫ


Ақтөбе қаласы төрт ауданның өнері мен тұрмыс тынысын тамашалады. Əзірге бəрі бірінен бірі озып тұр. Алда əлі аудандар көп.
Алға ауданы несімен бір қадам алға шықты?...
Алдымен ұлыларын ұлықтады. Көшеде велосипедшілер шеруін өткізді.
Республикалық "Жайдарман" тапқыштар ойынын ұйымдастырды.
Саябақтағы меркелік концерті жоғары деңгейде өтті. Сəті түсіп облыстық телеарна көгілдір экранға толық түсіріп алды. Алғаш рет аудан күндері туралы бейнеролик жасаған да осы аудан. "Табыс" базарындағы ауыл шаруашылық жəрмеңкесі табысты болды. Көздің жауын алатын көрмелер жұртты тамсандырды.
Театрдағы қойылымы көрермендерді толғандырды. Халықтық театрының тарихы тереңде жатыр екен. Сонау 1938 жылдары мəдениет үйінде бастау алыпты. Тізе берсең көп-ақ.
Алға ауданында бəрі бар. Батыр Есет, ақын Əбубəкір Кердері, ұшқыш-космонавт Пацаев, адам инженері, атақты дəрігер Жақсылық Досқалиев. Қазақстанның бас дəрігері жерлестерін арнайы келіп құттықтап кетті. Жалпы іскер басшылар Алғаның топырағынан көп шығады.
Шалқар ауданында дүниеге келіп, Алғада басшылықтың тізгінін ұстап отырған Нағымжан Смағұлұлы Алдияров осы шараның былайша айтқанда "бас режиссері" болғаны көрініп тұр. Жұмысыңа сəттілік, əрқашан халықпен бірге бол жас əкім!
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мəдениет қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер