BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

АЛҒА АУДАНЫ КӨРІНЕКТІ АҚЫНЫН ЕСКЕ АЛДЫ


Қазір ақын болғысы келетіндер көп. Бірақ, адам анасынан ақын болып туады. Рас. Жазушылар да солай. Жалпы, дарындылар өмірге талантты болып келеді. Оны қолдан жасау бекер. Ақын Төлеген Айбергенов жарқ етіп ерте сөнді. Өлеңдері өшкен жоқ. Өлмейді...
Қазақ Совет поэзиясында не бəрі жиырма бес жыл өмір сүріп, кейінгі ұрпаққа өнегелі із қалдырып кеткен жерлес ақынымыз, аудармашы Ізтай Мəмбетовтің тоқсан жылдық мерейтойы қарсаңында жасөспірімдер арасында облыстық "Ізтай оқулары-2018" байқауы өтті. Байқау Ақтөбедегі Алға ауданының күндері күні аясында Сақтаған Бəйішов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылды. Бұл шараға Алға қаласының əкімі Нағымжан Смағұлұлы Алдияров өзі қатысты. Ол өз сөзінде Ізтай Мəмбетовтің атында мектеп, көше жəне саябақ ашқысы келетінін айтты. Жас басшының көрінекті ақынның туысқандарын, көрермендер мен əділ қазылар алқасын құрметтеп, бізбен екі сағат бірге болғаны көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. Кешті тамашалауға келген халық "Əй, əкім болсаң осындай бол!"- деп, бір-біріне айтып жатты. Өтірік емес, кейбір əкімдеріміз осындай істің басында жүріп, жаңа түскен келіндей халықтан бетін басып қашып жүреді. Немесе анадай жерде ту сыртыңан қалтасына қолын салып шіреніп, өзінен жоғары басшылардың алдынан тосып тұрады.Тіпті,келіп халықпен амандасуға жарамайды ғой. "Жерге қарататын жеті ұлың болғанша, елге қарататын бір ұлың болсын" демекші, Нағымжан елдің бетіне тура қарайтын білікті əкім болсын...
Бүгін ол ақынға құрмет көрсетіп ерледі. Алматыдан Ізтай Мəмбетовтің қызы Жібек келді. Əкімге алғысын жаудырды.
Жиырмаға жуық əр ауданнан келген жастар ақынның өлеңдерін мəнерлеп оқып жеткізді. Бірінші орын Алға ауданы, "Есет батыр" ауылынан келген Ислам Тəжіғалиге бұйырды. Барлық қатысушылар аудан əкімінің арнайы дайындаған сыйлықтарына ие болды.
Бүгін Алға ауданы алғашқы шараны ұшқыш В.И.Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Кешке Т.Ахтанов театрында мəдениет үйінің "Заманай" халықтық театры Р.Мұханованың "Мəңгілік бала бейне" қойылымын қояды. Одан кейін Студенттер сарайында жерлесіміз Есен
Елеукеннің қатысуымен Алға ауданы əкімінің кубогын жеңіп алуға "Жайдарман" тапқыштар клубының керемет ойыны болады. Ал, аудан күндері ертең тағы да жалғасын табады.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мəдениет қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер