BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

АҚТӨБЕДЕ ШЫМКЕНТТІК ЖАЗУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ


Биыл екінші рет Шымқалада тұратын жазушылар Ақтөбе қаласына келді. Естеріңізде болса 1-ші сəуірде, " Екі Езу" сатира театрының ұйымдастыруымен Өнер Орталығында жазушы-сатирик Мұхтар Шерімнің шығармашылық кеші өтті. Енді бүгін Тахауи Ахтанов театрында жазушы-драмтург, Шымкент қаласындағы Жұмат Шанин атындағы театрдың əдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбектің "Снайпер" қойылымының тұсаукесері болды. Бұған дейін С. Қасымбектің "Екі Езу" театрының репертуарында "Əттең,қысқа өмір-ай" (Өлесің бе?) комедиясы сахналанып еді. Жазушының табаны Ақтөбе жеріне бірінші рет тиіп отыр. Ал, шығармасы 10 жылдан бері "Екі Езу"-дің сахнасында қойылып жүр. Сая Қасымбектің қаламызға келу себебі бар. Ахтанов театрының ұжымы Совет одағының батыры Əлия Молдағұлова туралы спектакль жазуға конкурс ұйымдастырған еді. Шыментте тұратын жазушының драматургиясы көпшіліктің қалауымен жеңіске жетті. Қоюшы - режиссері Оралдық Мукангали Томанов. Қойылым өте əсерлі өтті. Батыр Əлияның соғыстағы ерлігі сахна төрінде екінші рет қайталанғандай күйде отырдық. Басты рольде актриса Əдемі Нəжімединова ойнады.Театр əртістері де шыңдалып қалыпты. Енді бұл қойылым ертең орыс тілінде көрермендерге ұсынылады.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мәдениет қайраткері

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер