USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ақтарылсын іштегі бір сырым...

Қойын дəптер... ашылсын қыр беттері,
Берші қалам, жазылсын сыр іштегі.
Ақ параққа жұғып қалған көк сиядай,
Қалсын айқын көңілдің мұң дерттері.

Кітап болған парақтарын аз сынды,
кіріспеден... түсінсін ел мазмұнды.
Тобық түйін тақырыпқа тығылған,
Бөлім алып тарауларда наз тұрды.

Бірі ашып... бірі жауып тастады,
Сөзін теріп біреулер оқи бастады.
Жүрек жазған нала сырын ұғынып,
Енді бірі түн жарымда жастанды.

Айтылмаған ақиқаттың астарын,
Ұнатпайды... ұнамады ашқаным.
Болсын деп жақсы көңіл əрдайым,
Қалайды екен мына өмір бақытын.

Жаны жалған бояуын жасырмай,
Тағдыр қойған оқиғаға бас ұрмай.
Кетіп барады дара жол да өзінше,
Арманынан күдік сана асырмай.

Шырмауы көп бұл оқиға желісін,
Шеше алмай жұмбақ күйін кешесін.
Адастырған қилы тағдыр жолында,
Қас-қабағына қалай үміт бересің?

Бəрі ойнап өз рөлдерін сомдайды,
Біреуде бақ, біреуде жүр сор қайғы.
Қамшы басқан қанша сана болса да,
Пенделікпен арам жанын қоймайды.

Бірін аға, бірін бауыр демейді,
Қиратып шаңырақ атты кемені.
Арсыз қылған дүниесі пышақ боп,
Тамағында жырып жатыр көмейді.

Басылмас қою бұлтта жауындарын,
Төгіп жатса қоңыр күз жапырағын.
Жұтаған жұпыны күйін жасырып,
Жауып əлек кері соққан дауылдарын...

Əр ғұмырдың мүмкін емес барлығын,
Жазып шығу талай жанның тағдырын.
Тиек еткен... тиек болған бұл өмірдің,
Оқып шығу жазылған əр парағын...

Болса дағы талай күнің мұңға батқан,
Көңіл күйдің əйнегінде сынып жатқан.
Сен жасыма, сен басылма... қарағым,
Жарқын күнде үміт бар шырақ жаққан.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 23:08
Бақыт деген
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
03 Желтоқсан 2016, 22:09
Уақытыңды бағала
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады