USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ағама

Ұнатпайтын беймезгіл жүрісімді,
Өзіңсіз бастамаймын бір ісімді.
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы,
Емін - еркін аламын тынысымды.
Құласам сүйенетін нақ тірегім,
Белгілі маған әркез бақ тілерің.
Болса бұл ғаламда ғажайыптар,
Сенен асып кетпеймін бар білерім.
Білмеймін не дерімді, демесімді,
Күрсінсем көтересің сен еңсемді.
Ақ тілекті өлеңмен өріп берем,
Шаңыраққа әкелсең жеңешемді.
Дейді ғой ағасы бар, жағасы бар,
Ағасы бар адамның бағасы бар.
Жағдайымды өзімнің ойладым ба?!
Сен үйленсең маған да жол ашылар.
Білмеймін қанша өмірім қалды менің,
Жасыңнан білімді едің, алғыр едің.
Ырғыздың жыл бюджетін есептейтін,
Аман бол қайда жүрсең қаржыгерім.

(с) Тойбазар Қорлан

Ұқсас сілтемелер:
15 Сәуір 2013, 19:44
Ақын ағама
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады